Мәдениет министрлігі жанындағы жұмыс тобының шешімін Мәдениет министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров айтты.
Ғылым және жоғары білім, Денсаулық сақтау және Оқу-ағарту министрліктеріне «ЛГБТ қозғалысының» кәмелетке толмағандарға әлеуметтік, психологиялық, медициналық ықпалы бойынша халықаралық зерттеулердің нәтижелерін талдап, баяндама дайындау ұсынылды.
Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі 2024-2025 жылдары Қазақстандағы ЛГБТ мәселесі бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруы керек.
Осыдан кейін Мәдениет министрлігі «барлық мүдделі тараптардың ұстанымын ескере отырып, осы саланы реттеу үшін» қоғамдық талқылау ұйымдастыруы керек.