Басты жаңалықтар

Шенеуніктердің демалыстағы суреттерін рұқсатсыз жариялауға шектеу талқыланды

Редакция 18 қараша 2026, 14:47
Шенеуніктердің демалыстағы суреттерін рұқсатсыз жариялауға шектеу талқыланды Сурет авторы: ЖИ

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің демалыс кезінде, медициналық мекемелерде, сондай-ақ отбасылық және діни шараларда түсірілген фото мен видеоларын келісімінсіз жариялауға шектеу енгізу ұсынылды. Бұл мәселені Құрылтай отырысында депутат Максим Рожин көтеріп, лауазымды тұлғалардың да жеке өмірі Конституциямен қорғалатыны айтылды.

Талқылау барысында шенеуніктердің ресми жиындар мен отырыстардағы қызметіне қатысты фото-видео материалдарын жариялау үшін арнайы рұқсат талап етілмейтіні айтылды. Алайда олардың жеке және отбасылық өміріне қатысты кадрларды заңды негізсіз таратуға болмайды. Өз кезегінде депутат қоғамның лауазымды тұлғалардың әрекетіндегі заңбұзушылықтар немесе өзге де маңызды жайттар туралы білу құқығын да ескеру қажеттігін атап өтті.

Бұл ұсыныс онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелеріне қатысты заң жобасын талқылау кезінде көтерілді. Құжатта ашық дереккөздердегі адамның бейнесін оның келісімінсіз пайдалану талаптарын нақтылау көзделген. Айта кетейік, заң жобасы Құрылтайда бірінші оқылымда мақұлданды.

Жарнама